«Қазақстан Республикасының Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ қалаларды, елдi мекендердi өрттен қорғауды арттыру және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң әскери даярлығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қазақстан Республикасының Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Мемлекеттік өрт қадағалау мен өрттен қорғауды ұйымдастыру тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат): қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Мемлекеттік өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы"; 1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Республиканың елдi мекендерi мен объектiлерiнде мемлекеттік өрт қадағалау мен өрт сөндiру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Мемлекеттік өрттен қорғау қызметiнiң бас басқармасы мен олардың бөлiмшелерiне жүктелетiн болып белгiленсiн"; "өрттен қорғау" деген сөздер "Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "Iшкi iстер министрлігінiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" деген сөздер "облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың екiншi абзацындағы "республикалық" деген сөз "жергiлiктi" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Мемлекеттік өрт қадағалау мен өрттен қорғауды ұйымдастыру тәртібi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалау туралы Ережеде: 2-тармақтағы "өрттен қорғау" деген сөздер "Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн нормативтiк актiлердi жасау және келiсу; Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрттердi (олардан келген зардаптарды) мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру"; мына мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын: "13. Объектiлер, олардың өрт қауiптiлiгiнiң маңыздылығы мен дәрежесiне қарай I, II, III, және IҮ топтарға бөлiнедi, Мұндай объектiлердiң тiзбесiн мемлекеттік өрт қадағалау органдары айқындайды. IҮ топқа қатысты объектiлер мемлекеттік өрт қадағалау органдарының жыл сайын паспорттау жүргiзуiне жатады. Осы объектiлердi паспорттаудан өткiзуге байланысты қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады. Паспорттау жүргiзу туралы Ереженi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі жасайды және бекiтедi". 3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) 1-қосымшасында: 6-тармақтың төртiншi абзацындағы "және монтаждық" деген сөз алынып тасталсын; 10-тармақтың екiншi абзацындағы "ретке келтiру" деген сөздiң алдынан "монтаждау" деген сөз қосылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары |