Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2005 жылғы 14 шілдедегі № 358 бұйрығымен бекітілген
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 551 Бұйрығымен күші жойылды
«Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет
1. Жалпы ережелер
1. «Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет көрсету пункттерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) іс-әрекеті техникалық қызмет көрсету пункттерін жобалаумен, құрылыспен, қайта құрастырумен және пайдаланумен, жолаушылар вагондарын темір жол станцияларында жабдықтаумен байланысты барлық меншік нысанының жеке және заңды тұлғаларына арналған. 2. Ұйымның бірінші басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. 3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер қолданылды: 1) жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті (бұдан әрі - жабдықтау пункті) - вагондарды сапарға дайындау және жабдықтауды жүзеге асыратын теміржол жолының арнайы учаскесі; 2) жабдықтау бригадалары - вагондарды жуу, оларды жинау құралдарымен жабдықтау және отынмен, сумен толтыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын жабдықтау пунктінің жұмысшылары.
2. Аумаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Жабдықтау пункттерін орналастыруға арналған жер учаскесі қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерінің (бұдан әрі - ҚНжЕ) талаптарына сай болуы қажет. Құрылыс және қайта құрастыруға сметалық-жоба құжатын бекіту, салынып жатқан және бөлек тұрған объектілерді орналастыру, пайдалануға беру санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілген кезде рұқсат етіледі. 5. Санитарлық-қорғау аймағының мөлшері, шу деңгейі мен физикалық факторлар, химиялық зиянды заттар қалдықтарының есебін есептеу жолымен анықталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|