|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР Үкіметінің 2005.05.09. № 896 Қаулысымен ҚР Парламентi Mәжілісінің қарауына енгiзiлді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат): 1) 1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Мемлекеттік базаның әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектiк туындаған кезде, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер."; 2) 12-бапта: 1-тармақта: екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "бiрiншi топтағы мүгедектерге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн 1,43 ең төмен күнкөрiс деңгейi;"; үшiншi абзацта "7,5 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,11 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзацта "5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "0,78 ең төмен күнкөріс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын; бесiншi абзацта "7 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "1,04 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзацта "10 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,43 ең төмен күнкөрiс деңгейi" деген сөздермен ауыстырылсын; жетiншi абзацта "8 айлық есептік көрсеткiш" деген сөздер "1,17 ең төмен күнкөрiс деңгейі" деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|