|
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiнің құқықтық мәртебесi туралы
Қ 2006 жылғы 14 қаңтардағы Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын үкіметтерi арқылы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығын (бұдан әрi - Достастық) құру туралы құрылтайшылық құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өздерiнiң адалдықтарын қуаттай отырып, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып, Достастық органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесiн анықтауға қатысты бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, сондай-ақ Достастық органдары қызметінің тиiмдiлігін арттыруға жәрдем көрсетугe тілек бiлдiре отырып, төмендегілер туралы келiсті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтiрiлген терминдер мыналарды бiлдiредi: «Достастық органдары» - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғысына, Достастық шеңберiнде жасалған халықаралық шарттарғa, Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң немесе Үкіметтер басшылары кеңесiнiң шешімдерiне сәйкес Достастыққа қатысушы мемлекеттер құрған не осы сипатта құрылатын, тұрақты жұмыс iстейтiн аппараты бар және Достастық органдарының бірыңғай бюджетiнен қаржыландырылатын органдар; «өкiлдiк орналасқан мемлекет» - аумағында Достастықтың органы немесе оның бөлiмшесi орналасқан мемлекет; «лауазымды тұлғалар» - әрбір Тарапқа бекітілген лауазымдар квотасына сәйкес Тараптардың ұсынысы бойынша Достастық органдары бекiтетін тұлғалар; «қызметкерлер» - жасалатын еңбек шарттарының немесе келісім-шарттардың негiзiнде Достастық органдарында мамандар ретiнде жұмыс iстейтiн адамдар (әкiмшілік-техникалық персоналды қоспағанда); «әкiмшiлiк техникалық персонал» - Достастық органдарының жұмысына әкімшілік-техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын адамдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|