|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 13-баптың бірінші бөлігінде: төртінші абзацта: "өзімен бірге 7 жасқа дейінгі" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын; "әуе," деген сөз алып тасталсын; бесінші абзац "билеттің толық құнының" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын; алтыншы абзац "тасымалдау кезінде" деген сөздерден кейін ", әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші - тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын: "- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге; - халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға; - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.". 2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қыркүйектің 29-ы. № 77-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |