Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін (ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу ережелері бекітілсін. 2. "Республикалық бюджет қаражатының есебінен адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1361 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 43, 393-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 5-бабының 2-тармағына ("Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайлардан басқа) сәйкес ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсетiлетiн заң көмегiне ақы төлеу және осы жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуiне байланысты шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Заң көмегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды республикалық бюджет қаражатының есебiне жатқызу үшiн қылмыстық істi жүргiзетiн органның, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органның (лауазымды адамның) қаулысы және өндiрiсiнде осы iс бар соттың (бұдан әрi - тиiстi орган) азаматтық iстер жөнiндегі ұйғарымы негіз болып табылады. Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы қаулыны немесе ұйғарымды шығару және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу үшiн адвокаттың өтiнiшi негiз болып табылады. 2. Анықтау органының немесе тергеушiнiң республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы қаулысы адвокат тапсырманы орындағаннан кейiн, ал тапсырманы орындау бiр айдан асып кетсе - ай сайын шығарылады. 3. Республикалық бюджет қаражатының есебiнен қылмыстық iс бойынша адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғауға байланысты шығындарды өтеу туралы сот қаулысы үкiм қабылдаумен не iстi қосымша тергеуге жiберу немесе iстi тоқтату туралы процессуалдық шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады. Сот талқылауы бiр айдан асып кетсе, сот қаулысы ай сайын шығарылады. Сот қаулысы адвокаттың өтiнiшi бойынша үкiм жарияланғаннан кейiн де шығарылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Азаматтық iс бойынша адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу туралы және өкiлдiк етуге байланысты шығындарды өтеу туралы соттың ұйғарымы шешiм қабылдаумен бiр мезгiлде шығарылады. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берiлген органның (лауазымды адамның) адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарумен бiр мезгілде шығарылады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулыда немесе ұйғарымда тиiстi органның атауы (анықтаушының, тергеушiнiң, судьяның, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамның тегi, аты-жөнi); iстiң нөмiрi; тапсырманы орындаған адвокаттың тегi, аты-жөні; заң көмегіне ақы төлеуден босатылған адамның тегi, аты-жөнi; адвокаттың алдын ала тергеуге, анықтауға және сот отырысына қатысуға iс жүзiнде жұмсаған сағаттардың күндер бойынша жазылған саны; сот анықтауына (iстiң материалдарымен танысу, тергеу изоляторындағы айыпталушыға жолығу) дайындалу, оған ескерту жасалған жағдайда сот отырысының хаттамасын зерделеу; ол мүшесi болып табылатын тиiстi адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелерi көрсетіледі. Заң көмегiн көрсету iссапарға шығумен байланысты болған жағдайда, қаулыда немесе ұйғарымда iссапарда болған кезең мен күндердiң саны көрсетiледi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Адвокаттың iс бойынша өндiрiске қатысқан бiр сағат iшіндегі заң көмегiне ақы төлеудiң ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнiң 1/21 есебiнен белгiленедi. Бұл ретте бiр сағаттық төлем мөлшерi белгiленген тәртiппен айқындалған адвокаттың соңғы екi айдағы орташа сағаттық жалақысынан төмен бола алмайды. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта сезіктіден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген төлемнен бiр жарым мөлшерден кем түспейтiн төлем жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 68-бабында белгiленген мерзiм аяқталатын демалыс және мереке күндерi сезiктiден немесе айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуының әр сағатына осы Ереженiң 6-тармағында белгiленгеннен кемiнде екi есе жоғары мөлшерде төлем жүргiзiледі. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Төлем жөніндегі есептi адвокаттың нақты iс бойынша жұмсаған жұмыс сағаттарының санына ақы төлеу туралы қаулының немесе ұйғарымның және адвокаттың соңғы екi айдағы орташа айлық жалақысы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi органның бухгалтериясы жүргiзедi. Адвокаттың орташа жалақысы туралы мәлiметтiң растығы үшiн, осы мәлiметтердi берген адвокаттар алқасының лауазымды адамдары жауаптылықта болады. Адвокат алдын ала тергеуге қатыспаған жағдайда, соттағы қылмыстық iстiң немесе азаматтық iстiң материалдарымен танысу, сондай-ақ сот отырысының хаттамасымен танысу үшiн қажеттi (не iс жүзiнде жұмсалған) сағаттардың санын қылмыстық iстiң көлемi мен күрделiлiгiне қарай судья белгiлейдi. Тиiстi органдардың қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес адвокаттың басқа жерге баруына байланысты iссапар шығыстары Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн көзделген нормалар мен тәртiп бойынша төленуге жатады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Қаулының немесе ұйғарымның бiр данасы қылмыстық немесе азаматтық iс материалдарына қосылады, екiншi данасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-іне дейiн республикалық бюджеттің тиісті бағдарламасы әкімшісінің аумақтық органының (бұдан әрi - аумақтық орган) бухгалтериясына, ал үшiншiсi - адвокаттар алқасына назарға алу үшiн жiберiледi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда 10. Адвокаттар көрсететiн заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы тиiстi органның қаулылары немесе ұйғарымдары түскен кезде, тиiстi аумақтық органның бухгалтериясы қажеттi есептер және iссапар жөніндегі құжаттарға тексерулер жүргiзген соң, есептi ай үшiн адвокаттарға төлеуге жататын қаражаттың сомасы туралы өтiнiм жасайды және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оны жоғары тұрған органға жiбередi. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда 11. Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығыстарының бекітілген тiзiмдемесi шегiнде қазынашылық рұқсаттардың 1-нысаны бойынша өз рұқсатымен аумақтық органға бюджеттік қаражатты жұмсау лимитiн 2-нысан бойынша жеткiзетiн тиiстi бағдарламалардың әкiмшiлерiне ай сайын сомаларды бөлудi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2001.12.24. № 1683 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді 12. Аумақтық орган жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға арналған қаражат түскен күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде соманы адвокаттар алқасымен жасалған және аумақтық қазынашылық органда тiркелген шартқа сәйкес, аумақтық адвокаттар алқасының есеп айырысу шотына аударады. Соманың артық төленгенi байқалған жағдайда, соңғысы тиiстi органға қайтарылуға жатады. Ағымдағы қаржы жылында адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу кезiнде осы жылы түскен, артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы тиістi ерекшелiктер бойынша кассалық шығыстарды қалпына келтiру үшiн есепке алынады. Ағымдағы жылда түскен, өткен қаржы жылдарында осындай төлеу кезiнде артық төленген қаражаттың қайтарылған сомасы республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеуге жатады.
|