|
|
|
Бас Келісім
Қол қойылған күннен бастап күшіне енді
Басқару тәжрибесі мен алдыңғы қатарлы технологияға қатыстыру мақсатымен фармацевтік және медициналық өнеркәсіптін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экспорттық базасын нығайту, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Британ Консорциумы денсаулық сақтау жөнінде бұдан былай «келісуші екі жақ» деп аталып, төмендегі келісімге келді:
Келісуші екі жақ қызметі ерікті жағдай негізінде және өз пайдаларын көздеп халықаралық құқықты сақтай отырып, әрі барынша қолайлы жағдайға жету мақсатында іске асады.
Келіскен жақтардың мақсаты денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін ұзақ мерзімге бірлесе жұмыс жүргізу болып табылады.
Келісуші екі жақтың негізгі жұмыс бағыты төмендегіше: дәрідәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық және диагностикалық жабдықта аналар мен балалар денсаулығын қорғау. Мұның үстіне медициналық мамандарды, әрі Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемелер мен ұйымдардың басшыларын оқыту жоспарын жасауға баса көңіл бөлінеді.
Екі жақ республика өндірісіне және Консорциумға кіретін компаниялардың мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып медицина саласындағы қажетті жабдықты дәрі-дәрмек пен медициналық тауарларды бірлесіп шығаруды дамытады. Әскери өнеркәсіп кәсіпорындарын конверциялауға үлкен мән береді. Консорциум мен Қазақстан кәсіпорындарының арасында іске асатын жұмыс шарты басқа келісімде анық көрсөтілетін болады.
Консорциум Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерін мүдделес жақтардың келісімінде көрсетілген медициналық жабдықтарды, медицинаға қажетті тауарларды, дәрі-дәрмекті жеткізіп тұрады.
Екі жақ мүдделестердің келісімінде белгіленген Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне осы заманғы емдеудің соңғы әдістерін енгізу жоспарын жасайды.
Бірлесіп жұмыс істеу бағдарламасын дайындау кезінде екі жақ осы шартқа сәйкес Қазақстандағы реформаның жүріуіне және экономикалық өзгерістер ерекшелігіне көңіл беледі. Сондай-ақ Ұлыбритания денсаулық сақтау жуйесіндегі ұлттық реформа нәтижесінде жинақталған тәжрибелерге көңіл аударылады.
Келісуші екі жақтың бірлескен арнайы жұмыс жоспарында әрқайсысының жауапкершілігі, жұмыс мерзімі және оның құны мұқият көрсетілген қосымшасы осы келісімге қоса тіркелуі керек. Екі жақтың Үкіметі бекіткен осы келісім бұл жоспарды жүзеге асыруға бюджеттен қаржы бөлгізуге толық мүмкіндік беретін кепілдік болады.
Консорциум немесе Консорциум арқылы жеткізілген тауар мен қызметінің ақысы осы келісімнің қосымшасы болып табылатын шарт бойынша конвертирлі валюта арқылы төленуге тиіс.
Осы шарт қол қойылған күнінен бастап екі жыл бойы күшінде болады. Егер екі жақтың бірі шарттың бітуіне алты ай қалғанға дейін оны бұзу жөнінде жазба түрде ешқандай ұсыныс енгізбесе, онда келісім тағы екі жылға өз-өзінен ұзартылады. Келісімге екі жақтың бекітуімен енгізілген жазбаша түрдегі толықтырулар мен өзгерістер дұрыс деп есептелінеді. Келісім Алматы қаласында 1993 ж. сәуірдің 7 күні қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толтырылған. Барлық данасы бірдей күшке ие. Келісім туралы әрқилы түсінік туған жағдайда орыс тіліндегі нұсқа негізге алынады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |