|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін: 4-тармақтағы ", 80%-iн өтеусiз негiзде республикалық бюджеттен береді" деген сөздер "бередi, 80%-iн мердiгерлерге Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту жөніндегі қызметтерге ақы төлеу есебiне аударады" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Қайта жаңарту барысында мердігерлерден алынған негiзгi қаражат "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берiледi.". 2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |