|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмінде: 05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында: 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкiмшiсi бойынша: 001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында: 002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасында "662393" деген сандар "668028" деген сандармен ауыстырылсын; 008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу" кiшi бағдарламасында "57479" деген сандар "51844" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша: көрсетiлген қаулыға 261-қосымшада: 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: реттiк нөмiрi 3-жол ", соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу." деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 5-жолда "және мемлекеттік шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантиндiк пункттердiң" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |