Денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын сақтау, құю ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы № 666 Бұйрығымен күші жойылды
"Қан және оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын сақтау, құю ережесі бекітілсін. 2. Емдеу-алдын алу департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 492 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын сақтау, құю ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын сақтаудың, құюдың (трансфузиялаудың) жалпы принциптерін, компонентті гемотерапия тың трансфузиялық тактикасының, иммунологиялық посттрансфузиялық реакциялар мен асқынулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жалпы принциптерін айқындайды.
2. Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын сақтау
2. Денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компоненттері рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалған жерде сақталуы тиіс. 3. Сақтау үшін құлыппен немесе қол жеткізу шектелген құрылғылары бар арнайы (тұрмыстық емес) тоңазытқыш жабдық пайдаланылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|