Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-бапта: 12) тармақша 15) тармақша болып есептелiп, "ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау" деген сөздер "мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын: "12) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерістерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы; 13) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері мемлекеттік есебiнiң бiрыңғай жүйесi; 14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;"; 1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы."; 2-тармақ "қызметкерлер" деген сөзден кейiн ", қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi" деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
|