|
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына алғысөз Бұл Алғысөз Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары Басқармасы қызметінің мақсаттары мен тәртібін белгілеу және Қаржы есептілігінің халықаралық стандаттарынқолдану саласын, қолдану уәкілеттіктері мен мерзімдерін түсіндіру мақсатын көздейді. Бұл Алғысөз 2002 жылғы сәуірде бекітілген болатын және 1975 жылғы қаңтарда жарияланған (1982 жылғы қарашада өзгерістер енгізілген) Алғы сөзді ауыстырады. 1. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты Басқармасы (ХБЕСБ) 2001 жылы Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты комитеті (ХБЕСК) Қорының бір бөлігі ретінде құрылған болатын. ХБЕСК Қорын басқару он тоғыз Қамқоршыға жүктелген. Қамқоршылар міндеттеріне ХБЕСБ және қауымдастырылған кеңестер мен комитеттер мүшелерін тағайындау, сондай-ақ ұйымның қаржыландырылуын қамтамасыз ету жатады. ХБЕСБ құрамына штаттағы қызметкерлер болып табылатын он екі мүше кіреді және екі адам қосымша жұмыс істейді. ХБЕСБ міндеті - Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын (ХҚЕС) және «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамасы» сияқты тиісті құжаттарды, алдын-ала нұсқаларды және басқа да талқыланбалы құжаттарды бекіту. 2. Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (ХҚЕТК) құрамына дауыс беру құқығы бар он екі мүше және дауыс беру құқығы жоқ Төраға кіреді. Олардың барлығын Қамқоршылар тағайындайды. ХҚЕТК мақсаты - ХБЕСБ-ның бекітуі үшін ХҚЕС түсіндірмесін әзірлеу, сондай-ақ Тұжырымдама контекстінде қаржы есептілігінің ХҚЕС-да жеке қаралмайтын мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дер кезінде беру. ХҚЕТК бұрын жұмыс істеген Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитетті 2002 жылы ауыстырды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|