|
«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі: «табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда «акционерлік қоғамы» деген сөздердің алдынан «Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» деген сөздермен толықтырылсын; «табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда «акционерлік қоғамы» деген сөздер «жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтер»; «табиғи монополиялар салалары» және «реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандарда «кірме жолдардың қызметтері» деген сөздермен толықтырылсын; «табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда «Қызылорда электр желілік бөлуші компаниясы» деген сөздер «Қызылорда бөлуші электр желілік компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|