|
ХБЕСК ҚОРЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ Осы Жарғы бастапқы түрінде бұрынғы Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары Комитетінің (ХБЕСК) Басқармасы 2000 жылғы наурызда және ХБЕСК мүшелерінің 2000 жылғы 24 мамырда Эдингбургте өткен мәжілісінде бекітілді. ХБЕСК Басқармасының 1999 жылғы желтоқсанда өткен мәжілісінде алғашқы Қамқоршыларды іріктеу үшін кандидаттарды ұсыну жөніндегі Комитет құрылды. Қамқоршылар 2000 жылғы 22 мамырда тағайындалып, Жарғының бекітілуі нәтижесінде 2000 жылғы 24 мамырда өз міндеттерін атқаруға кірісті. Жарғыға сәйкес өз міндеттемелерін орындау барысында Қамқоршылар 2001 жылғы 6 ақпанда халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары комитетінің Қорын құрды. Қамқоршылар қабылдаған шешімнің нәтижесінде 2000 жылғы 24 мамырда бекітілген Жарғының С бөлімі өз қолданысын тоқтатты. 2002 жылғы 5 наурызда Қамқоршылардың халықаралық қаржы есептілігінің түсіндірмесі жөніндегі Комитетті құру жөніндегі шешімін ескере отырып және жұртшылықпен ақылдасқаннан кейін Жарғы жаңа редакциясында бекітілді. Кейіннен ХБЕСК Қорын құрғаннан кейін болған басқа өзгерістерді ескере отырып, Қамқоршылар Жарғы 2002 жылғы 8 шілдеден бастап күшіне енген өзгерістерді енгізді. ХБЕСК Қорының Жарғысы (ХБЕСК мүшелерінің Шотландиядағы Эдинбург қаласында 2000 жылғы 24 мамырда өткен мәжілісте бекітілді және ХБЕСК Қорының Қамқоршылары жаңа редакциясын 2002 жылғы 5 наурызда және 2002 жылғы 8 шілдеде бекітті) Осы Жарғы А және В бөлімдерінен тұрады. А бөлімінде ұйымның атауы мен мақсаттары, сондай-ақ мүшелік пен Қамқоршыларды тағайындау туралы сөз болады. В бөлімінде Қамқоршылардың шешіміне сәйкес Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары комитетінің Қоры құрылған 2001 жылғы 6 ақпанда күшіне енген ережелер мазмұндалған. Қамқоршылардың шешіміне сәйкес 2000 жылғы 24 мамырда бекітілген Жарғының С бөлімі өз қолданысын тоқтатты. А БӨЛІМІ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|