|
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын атап өту құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалi туралы ереже; 2) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекiтілсiн. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қарашаның 7-і. № 1666
Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 1666 Жарлығымен бекітілген
"Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелік медалі туралы ЕРЕЖЕ
1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерекелiк медалiмен (бұдан әрi - мерекелiк медаль) қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, қызметшiлер, бюджеттік ұйымдар мен өндiрiс саласының қызметкерлерi қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады. 2. Мерекелiк медальмен наградтау жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттік органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық бiрлестіктер енгiзедi. 3. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; 2) Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|