«№1085 болып тіркелген «Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын
ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 35 бұйрығымен күші жойылды
Автомобиль жолдарындағы жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы № 568 бұйрығына (2003 жылғы 17 наурызда № 1085 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 519 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес 1, 4-қосымшалар ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1 2-6 тармақтарымен толықтырылсын: «2-1. Республикалық маңызы бар автожолдарда жол полициясы патрульдік жасақтарының қызмет өткеруі бірыңғай орналасу жүйесі қағидаты бойынша ұйымдастырылсын. 2-2. Облыстардың және Астана қаласының Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі IIД) бастықтарының бұйрықтарымен тұрақты негізде дербес: Республикалық маңызы бар автожолдарда жол полициясы жасақтарының орналасуына сәйкес нақты патрульдік учаскеге жол полициясы саптық бөлімшелерінің жеке құрамы мен автокөлігі; нұсқамалар жүргізу және желідегі қызмет өткеруді бақылау үшін саптық бөлімшелердің және ІІД жол полициясы басқармасы аппаратының басшы құрамы қатарынан белгіленген патрульдік учаскелердің әрқайсысына жауапты адам бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|