«Көшi-қон саясатын жетiлдiру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 16 қарашадағы
№ 322-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 407 Қаулысымен күші жойылды
Көшi-қон саясатын одан әрi жетiлдiру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қарақұсова Гүлжан Жанпейiсқызы | -Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi, Жетекшi |
Әбдиeв Жазбек Ниетұлы | -Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң төрағасы, жетекшiнiң орынбасары |
Қаржаубаев Аслан Жұмағалиұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитеті көшi-қон басқармасының бастығы, хатшы |
Зверьков Вадим Павлович | - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi |
Ойнаров Азамат Рысқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрi |
Досжан Ардақ Дүкенбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрi |
Исаев Батырхан Арысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi |
Белоног Анатолий Александрович | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi - Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi |
Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы | - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице- министрi |
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
көшi-қон саясатының салалық бағдарламасына, Қазақстан Республикасының заңнамасына көшi-қон мәселелерiн реттейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2006-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлеу жөнiндегі ұсыныстарды қарауға берсiн.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |