|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "2005 жылға арналған 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптау" республикалық бюджеттік бағдарламаны бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 281 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 7-1, 7-2, 7-3-жолдармен толықтырылсын:
"7-1 Суармалы экожүйелердi басқару 8580 7-2 Атырау, Тараз, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Петропавл қалаларында аумақтық 5000 қоршаған ортаны қорғау басқармаларының әкiмшiлiк ғимараттарын салу 7-3 Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұлттық 11700 метеорология орталығын салу ";
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 14-1-жолмен толықтырылсын:
"14-1 Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарында (Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қостанай, Рудный, Батыс Қазақстан облысының Ақсай қалаларында, Шығыс 4000 Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентiнде) 2, 4, 6, 8 шығуға арналған өрт сөндiру деполарын салу ";
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 25-1 және 25-2-жолдармен толықтырылсын:
"25-1 Астана қаласында 80 төсектік 7340 кардиохирургиялық орталық салу 25-2 Алматы қаласында 100 төсектік 10010 кардиохирургиялық орталық салу ";
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 29-1, 29-2, 29-3, 29-4, 29-5-жолдармен толықтырылсын:
"29-1 "Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Ресей Федерациясының шекарасы 6500 (Екатеринбургке) - Алматы" автожолын "Алматы - Қарағанды" (223 км) учаскесiнде қайта жаңарту 29-2 "Қырғыз Республикасының шекарасына 10100 кіреберістері бар Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас" автожолын "Алматы - Қорғас" учаскесiнде (351 км) қайта жаңарту 29-3 Көлiк инфрақұрылымы желiсiн дамыту 180 29-4 "Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" автомобиль жолын "Астрахань - Атырау" учаскесінде 8500 қайта жаңарту 29-5 "Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автомобиль жолын "Қарағанды - Астана" учаскесінде 6500 қайта жаңарту (I санатқа аудару) ";
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрі 30-1-жолмен толықтырылсын:
"30-1 Астана қаласында республикалық велотрек салу 94710 ";
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiммен және реттiк нөмірi 31-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 31 Алматы қаласының Алатау кентінде Ақпараттық технологиялар паркiн салу (II кезек) 10000 ";
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы" деген бөлiммен және реттiк нөмiрi 32-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 32 Қаржы мониторингiнiң автоматтандырылған 4000 ақпараттық жүйесiн құру ";
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi" деген бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 33, 34, 35, 36-жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 33 (құпия) 34 (құпия) 35 (құпия) 36 (құпия) ";
"Жиыны" деген жолдағы "466880" деген сандар "670000" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |