|
Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен
Бұдан әрі "Қатысушылар" деп аталатын Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Корольдігі, өзара құрметтеу рухын басшылыққа ала отырып, екі ел мен халықтар арасындағы кең көлемді және достық байланыстарды дамыту, сондай-ақ халықаралык, жиындар, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңес шеңберіндегі ынтымақтасу мүдделерін көздей отырып, мына төмендегідей Декларация қабылдады: 1. Қатысушылар КСРО-ның ыдырауына байланысты тәуелсіз және егеменді мемлекеттер тобының қайтадан дүниежүзілік қауымдастыққа қосылғандығын атап көрсетеді. Қазақстан Республикасы бұрынғы КСРО-ның мұрагері ретінде, өзінің КСРО-ға қатысушысы болған тиісті шарттарымен байланысты екендігін мойындайды. 2. Қазақстан және Британия халықтары алдағы уақытта достық пен өзара түсіністікті нығайту ниетін көздейді. Қазақстан Республикасы мен Құрама Корольдік достас мемлекеттер және халықаралық қоғамдастық шеңберіндегі серіктестіктер болып табылады. Олардың арасындағы қатынастар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында, Хельсинки Қорытынды Актісінде, Жаңа Европаға арналған Париж Хартиясында және Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің басқа да құжаттарында баянды етілген бостандық, демократия, заң үстемдігі және адам құқықтарын өзара құрметтеу принциптеріне адалдыққа негізделетін болады. 3. Қатысушылар барлық мемлекеттердің қауіпсіздігін нығайтуға апаратын Европадағы және дүние жүзіндегі тайталаотан ынтымақтастыққа өтуді, құптайды. Олар өздерінің қарулы күштері тек қана қорғаныс мақсатына арналуға тиіс деп мәлімдейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|