|
|
|
«Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Реепубликасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1156 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1156 қаулысына Қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. "Республикадағы әлеуметтік құрылысты дамыту мәселелеріне тұжырымдамалық тәсіл туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 20 наурыздағы № 177 қаулысы. 2. "Қазнанөнімі" қазақ мемлекеттік-акционерлік концернінің жарғысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 7 мамырдағы № 281 қаулысы. 3. "Өңіраралық ресурстық ынтымақтастық жөніндегі республикалық ведомствоаралық үйлестіру комиссиясын құру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 7 маусымдағы № 366 қаулысы. 4. "Тұрғын үй іс-шараларына кредиттердің өлшемдерін ұлғайту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 сәуірдегі № 322 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 13, 165-құжат). 5. "Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау және өлшем бірлігі жөніндегі мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 маусымдағы № 494 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 22, 279-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің Кен-металлургия кешені жөніндегі департаменті (басқармасы) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 тамыздағы № 716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 32, 376-құжат). 7. "Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қыркүйектегі № 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 38, 441-құжат). 8. "Қазақстан Республикасының тұтыну қоғамдары одағының (Қазтұтыну одағы) сыртқы экономикалық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қарашадағы № 1165 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 4, 540-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 9 маусымдағы № 809 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 20, 233-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |