|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2006.16.02. № 27-Ө Өкімін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; 2005 жылғы 4 қарашада "Егемен "Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қазанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына): 207-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады."; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.". 2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат): 1) 10-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын; 2) тармақшадағы ", құрылыстарды" деген сөз "(мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақша "ішкі топтың" деген сөзден кейін "(топтың)" деген сөзбен толықтырылсын; 3) 82-баптың тақырыбында, 1-тармағының бірінші абзацында және 3-тармағында ", құрылыстарды" деген сөз "(мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын: "87-бап. Шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың (топтың) құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар Егер ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IY топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер құны есепке алынған ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІY топтар бойынша) салық кезеңінің басындағы құн балансынан асып түссе, асып түскен шама жылдық жиынтық табысқа енгізілуге тиіс. Осы ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, III және ІY топтар бойынша) құн балансы салық кезеңінің аяғына қарай нөлге тең болады."; тақырыбы "төлемдерге" деген сөздерден кейін "және оқытуға" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын: "3. Жұмыс берушінің қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға арналған шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегерілуге жатады. 4. Салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны салық төлеушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқыту төлеміне жұмсаған шығыстары мынадай талаптар сақталған: 1) салық төлеушіде кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы жеке тұлғамен шарт жасалған; 2) білімнің тиісті деңгейін жеке тұлға тұңғыш рет алатын; 3) жеке тұлғаның оқуы Қазақстан Республикасында не мамандар даярлау Қазақстан Республикасында жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүзеге асырылатын жағдайларда шегерілуге жатады."; 1-тармақтың бірінші абзацы "ішкі топтар" деген сөздерден кейін ", топтар" деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "2. Әрбір ішкі топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын қолдану арқылы, бірақ ішкі топтың, топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансына осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шекті нормадан асырмай есептеледі."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Үйлер мен ғимараттар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріс құрылғыларын қоспағанда) бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке айқындалады және І топтың негізгі құралының құны ішкі топтың құн балансына теңестіріледі."; 7) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын: "108-бап. Амортизациялық ішкі топтардың, топтардың құн балансын айқындау 1. Әрбір амортизациялық ішкі топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында ішкі топтың (І топтың), топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады. І топтың құн балансы негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша ішкі топтардың құн баланстарынан және осы Кодекстің 113-бабының 2-1-тармағына сәйкес құралған ішкі топтың құн балансынан тұрады. 2. Ішкі топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы: ішкі топтың (І топтың), топтың өткен салық кезеңінің соңындағы құн балансы ретінде айқындалған, өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстің 111 және 113-баптарына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескерілген ішкі топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құн балансы, қосу осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер, алу осы Кодекстің 109-бабына сәйкес айқындалған тәртіппен салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер ретінде айқындалады. 3. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, осы Кодекстің 110-бабының 1-тармағында айқындалған топтар бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бөлінеді."; 8) 109-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "1. Сатып алу, оның ішінде қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының сатып алуы, құрылыс салуы, жарғылық капиталға салым ретінде өтеусіз алуы кезінде келіп түскен тіркелген активтер осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртіппен есепке алынады: І топ бойынша - тиісті ішкі топтың құн балансын құрайды; II, ІІІ және IV топтар бойынша - топтың құн балансына енгізіледі. 2. Шығып қалатын тіркелген активтер тиісті ішкі топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе II, ІІІ және IV топтардың құн балансын: өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде - өткізу құнына; жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша; құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде - мәмілеге қатысушылар айқындаған құн бойынша; тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда, олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде - сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып айқындалатын құн бойынша, өзге де жағдайларда - салық мақсаттарында айқындалған (І топ бойынша) қалдық құны бойынша; өтеусіз беру кезінде - баланстық құны бойынша кемітеді."; 9) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын: "110-бап. Тіркелген активтер амортизациясының шекті нормалары 1. Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен топтарға бөлінеді:
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша салық төлеуші кемінде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тіркелген активтерді пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құн балансына енгізілуге жатады."; 10) 111-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: "1. Ішкі топтың (І топ бойынша) барлық тіркелген активтері немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңінің соңындағы құн балансы шегерімге жатқызылады. 2. Егер ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңінің соңындағы құн балансы 300 айлық есептік көрсеткіштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеуші ішкі топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы."; 12) 112-баптың 1 және 2-тармақтары "ішкі тобының" және "ішкі топтың" деген сөздерден кейін тиісінше ", тобының" және ", топтың" деген сөздермен толықтырылсын; 13) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын: "113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер 1. Мына негізгі құралдарды: 1) осы топқа енетін; 2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін негізгі құралдарды жөндеуге салық төлеуші жұмсаған іс жүзіндегі шығыстар бойынша әрбір топқа қатысты шегерім жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланған жағдайда рұқсат етіледі. 2. Қызмет етудің нормативтік мерзімін ұлғайтпайтын және негізгі құралдардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттамаға сәйкес негізгі құралды сақтау және оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың детальдарын (бөлшектерін) ауыстыруға байланысты осы Кодекстің 92-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, негізгі құралдарды жөндеуге арналған іс жүзіндегі шығыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансынан белгіленген мынадай шекте әрбір топ бойынша шегеріледі:
2-1. Осы баптың 2-тармағында аталған шектен асатын сома мынадай тәртіппен ескеріледі: 1) І топ бойынша: егер ішкі топтың құн балансының құрамына кіретін негізгі құрал салық кезеңінің соңында іс жүзінде шығып қалса - құн өсімінен түсетін табыстың немесе ішкі топтың құн балансынан шығып қалған тіркелген актив құнының асып кетуінен түскен табыстың тиісті мөлшерін іс жүзіндегі шығыстарға барабар азайтады және (немесе) ішкі топтың тиісті құн балансын ұлғайтпайды; өзге де жағдайларда - ішкі топтың тиісті құн балансын іс жүзіндегі шығыстарға барабар ұлғайтады; топтың құн балансына енгізілмейтін негізгі құралдар бойынша - жеке ішкі топтың құн балансын құрайды және келесі салық кезеңдерінде осындай шығыстар ішкі топтың осы балансын ұлғайтуға жатқызылады; 2) II, III және IV топтар бойынша: топтың құн балансы болған кезде - оның ұлғайтылуына жатқызылады; топтың құн балансы болмаған кезде - топтың келесі салық кезеңінің басталғандағы құн балансын құрайды. 3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебінен жүргізілген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерімге жатпайды және топтардың құн балансын ұлғайтпайды. 4. Негізгі құралдардың нормативтік қызмет ету мерзімін ұлғайтпайтын және олардың өндірістік қуатын арттырмайтын, техникалық құжаттарға сәйкес негізгі құралды сақтау әрі оларды техникалық бабында ұстау мақсатында жүргізілетін, негізгі құралдардың детальдарын (бөлшектерін) ауыстыруға байланысты жалгер жалға алынған негізгі құралдарға қатысты жүргізген және жалға берушінің жалға беруші шартына сәйкес өтемейтін шығыстары осы Кодекстің 92-бабына сәйкес шегерімге жатқызылады. 5. Осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес құны шегерімге жатқызылатын (жатқызылған) инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған іс жүзіндегі сома осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады."; 14) 119-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндірілетін" деген сөздер алып тасталсын; 15) 122-баптың 5-тармағындағы "2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған" деген сөздер алып тасталсын; 16) 124-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "құрылыстарды, ғимараттарды" деген сөздер "(мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 139-баптың 7-тармағы "ішкі топтың" деген сөзден кейін ", топтың" деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктің 3) тармақшасында: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "3) арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің мынадай түрлері:"; үшінші және төртінші абзацтардағы "және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзацтағы "жүргізу нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстарды жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші - жетінші абзацтармен толықтырылсын: "киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру; трикотаж бұйымдарын өндіру; тоқыма материалдарынан киім өндіру бойынша өз өндірісі тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар деп танылады."; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: "Осы тармақтың 3) тармақшасында аталған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нақты түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды."; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға: жер қойнауын пайдаланушылар; акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдар; арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар; инвестициялық салық преференциялары берілген ұйымдар жатпайды."; 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "50" деген цифр "100" деген цифрмен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілер бойынша құрылыс объектілерін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Осы тараудың мақсаттары үшін әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерге кеңселік, өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар жатады."; 20) 144-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын: "25-1) осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізілген, оқытуға арналған шығыстар;"; 21) 208-баптың 3-тармағындағы "12 000 еселенген" деген сөздер "15 000 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын; 22) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын: "224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілетін тауарларға салық салу 1. Осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады. Электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшін әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі. 2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңі ішінде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейін әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу процесінде нақты тұтынылу бөлігінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің өтініші бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретін, әкелінген тауарлардың әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді салу процесінде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшін негіздеме болып табылады. 3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдік ставканы қолдану үшін: 1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектілерді салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келісім-шарт); 2) тауарлар шығаруды еркін кеден аймағының кеден режимінде жүзеге асыратын кеден органы белгі қойған кедендік жүк декларациясының көшірмелері; 3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері; 4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады."; 17) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын; 17) тармақшадағы "тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "тауарларды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын: "18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстің 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды; 19) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және келісім-шарттың талаптары бойынша импортталатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қосылған құн салығынан босатылған кәсіпорындарға өткізілетін тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады."; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Осы баптың 17) және 18) тармақшаларында аталған тауарлардың тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді."; 24) мынадай мазмұндағы 230-1-баппен толықтырылсын: "230-1-бап. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жаңа объектілерді салу кезіндегі жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады. Салықтан босату салық төлеуші (мердігер, қосалқы мердігер) Қазақстан Республикасы Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге қатысты қолданылады. Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны әрбір жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негізге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс."; 25) 245-баптың 2-тармағындағы "224" деген цифрлар "224-1" деген цифрлармен ауыстырылсын; 1-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) қосалқы бөлшектердің;"; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушілер өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін әкеледі."; 2-тармақта: бірінші бөлік "жөніндегі міндеттемені" деген сөздерден кейін "және аталған тауарларды нысаналы пайдалану туралы міндеттемені" деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі "міндеттеме" деген сөз "міндеттемелер" деген сөзбен ауыстырылсын; 27) 252-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) осы Кодекстің 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілгенін растау үшін қажетті құжаттар;"; 28) 258-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленеді және осы Кодекстің 516-бабының 3-тармағына сәйкес жиынтық төлемнің құрамына енгізілуі мүмкін. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемнің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жиынтық төлем осы Кодекстің 276-278-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді."; 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Жоғарыда тізіп көрсетілген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында аталған әдістемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берілуге тиісті пайда түсіретін өнімдегі үлестің проценттік мәнін айқындау үшін әрбір триггерден алынған нәтиже өнімді бөлу туралы келісім-шартта айқындалған төменгі мәндермен салыстырылады. Жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу туралы келісім-шартта айқындалған пайда түсіретін өнімдегі үлесінің нақты проценттік мәні жобаның экономикалық көрсеткіштеріне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы Кодекстің 285-бабында көзделген тәртіппен келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның қолданылу мерзімі ішінде өзгеріссіз сақталады.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |