|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 11 қарашадағы 43/84 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өзінің 2005 жылғы 11 қазандағы Үндеуінде барлық сайлау үдерісіне қатысушыларды сайлау науқаны уақытында өз саяси мақсаттарына қол жеткізудің айрықша бейбіт, заңды, күштеусіз әдістерін қолдану жөнінде өздеріне міндеттемелер алуға, сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезінде дәстүрлі демократиялық жолдарды пайдалануға шақырды. Үндеу еліміздің жұртшылығы тарапынан кең қолдау тапты. Үндеуді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат М.Х. Елеусізов, Президенттікке кандидаттар Е. Әбілқасымовтың, Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды штабтарының басшылары қолдады. Орталық сайлау комиссиясы басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, Үндеуді іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізуде. Мемлекетгік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары сайлау заңнамасына сәйкес барлық кандидаттарға өз бағдарламаларын жариялауы және сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыруы үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын береді, барлық тіркелген кандидаттардың сайлау алдындағы қызметін жария етеді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген кандидаттарға мемлекет кепілдік беретін қаражат есебінен эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беретін бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесін ("Егемен Қазақстан" газеті; "Казахстанская правда" газеті; "Қазақ радиосы"; "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы) бекітті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|