|
Қазақстан Республикасының теңіз порттары мен оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұру ережесін бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз порттары мен оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ. Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 346-І бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының теңіз порттары мен оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже теңіз порттары шегінде және кеме қозғалысын басқару қызметінің (бұдан әрі - КҚБҚ) іс-қимылдары аймақтарында кемелердің жүзу және тұру тәртібін белгілейді. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының барлық теңіз порттарына, барлық тулар мен ведомстволар кемелеріне, қызметі Қазақстан Республикасының теңіз кемелерімен байланысты және теңіз порттары мен жағалаулық сулар аумағында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға таралады. 3. Кемелер теңіз порттары айдындарында және оларға кіреберістерде жүзген және тұрған кезде осы Ереженің талаптары және Кемелердің теңізде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережелерін (бұдан әрі - КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша міндетті қаулылар сақталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|