|
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 1167 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2004 жылғы 28 мамырда Астана қаласында жасалған "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Теледидар және радио бағдарламаларын өзара тарату туралы келісім бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2005 жылғы № __
"Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Теледидар және радио бағдарламаларын өзара тарату туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына (бұдан әрі - ОАЫ) мүше мемлекеттер, 2002 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы мемлекеттері басшыларының Бірлескен мазмұндамасының және 2003 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесінің ережелерін назарға ала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы саяси маңыздылығын түсінушілікті негізге ала отырып, Тараптар халықтарының мәдени-ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, ОАЫ-ға мүше мемлекеттер арасындағы дәстүрлі байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында, бірыңғай ақпараттық кеңістік және Тараптар аумағында теледидар және радио бағдарламаларын тарату үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып, ОАЫ-ға мүше мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына маңызды мән бере отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|