«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы»
Осы редакция 2005 ж. 9 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Алматы қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының жатақханаларын күрделі жөндеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 300000000 (үш жүз миллион теңге) теңге бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|