|
|
|
«Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін (бұдан әрі - Объект) салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі кепілгерлік шарттың жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекетке берілетін Объектінің тиісті құнына сәйкес келетін және 15692710000 (он бес миллиард алты жүз тоқсан екі миллион жеті жүз он мың) теңгеден аспайтын сомаға, сондай-ақ Объектіні салу кезеңіне орналастырылған облигацияларға есептелген сыйақы (мүдде) сомасына Кепілгерлік шарт жасасуға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |