|
|
|
Жоба Кепілгерлік шарты (2008.18.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1218 Қаулысымен мақұлданды
Астана қ. 2005 жылғы «__» ________
Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және бұдан әрі "Облигацияларды ұстаушылардың өкілі" деп аталатын ______ __________________________________________________________________ бұдан әрі бірлесіп, "Тараптар" деп аталатындар мыналарды: 1) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісі құрылысының жобасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысын; 2) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы "__"_________ қаулысын; 3) "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісім шеңберіндегі мемлекеттің кепілгерлігін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы "__" _________ қаулысын назарға ала отырып, "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісінің құрылысын қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Бостандық ауданы, 22-ші линия көшесі, 45-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Батыс транзит" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Эмитент) шығарған инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың пайдасына осы Кепілгерлік шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Ұғымдар мен терминдер
1. Осы кепілгерлікте бас әріппен көрсетілген, бірақ осы кепілгерлікте өзгеше айқындалмаған терминдер Концессиялық келісімде айқындалған мәндерге ие болады. 2. Жоба - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Эмитент арасында жасалған Концессиялық келісім шеңберіндегі "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық электр беру желісі құрылысының жобасы. 3. Қарыз беруші - Жобаны қаржыландыру үшін Эмитент шығарған инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алған адам. "Қарыз беруші" термині өзіне олардың құқықтарына сәйкес кез келген кейінгі құқықтық мирасқорлар мен цессионарийлерді қамтиды. 4. Облигациялық қарыз - Жобаны қаржыландыру үшін инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен Эмитент тартқан қарыз.
2. Шарттың мәні
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 264 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кепілгер мемлекетке берілетін объектінің құнына сәйкес келетін және 15692710000 (он бес миллиард алты жүз тоқсан екі миллион жеті жүз он мың) теңгеден аспайтын және Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылған инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде орналастырылған облигацияларға есептелген сыйақы (мүдде) сомасындағы Эмитенттің міндеттемелерін орындау үшін субсидиарлық жауапкершілікке ие болады. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 264 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Талаптар Кепілгердің орналасқан жері бойынша өтеу күні басталғаннан кейін (эмиссия анықтамалығында айқындалғандай) 60 (алпыс) күнтізбелік күннен соң болатын күнге дейін кез келген уақытта Кепілгерге тапсырылуы мүмкін. Талапты іс-қимыл мерзімі өтетін күнге дейін берген кезде осы кепілгерлік Кепілгер талапты толық төлегенге дейін (соның ішінде іс-қимыл мерзімі өткен күннен кейін де) күшінде қалады. Қолданылу мерзімі өткен күннен кейін, егер Кепілгерге ешқандай талап берілмесе, кепілгерліктің қолданылуы аяқталады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Кепілгер міндеттемелерді орындағаннан кейін Кепілгер облигацияларды ұстаушылардың Өкілінен Эмитентке қойылатын талапты куәландыратын құжаттарды алуға құқығы бар. 2. Кепілгер мыналарға міндетті: 1) облигацияларды ұстаушылар Өкілінің талап етуі бойынша мемлекетке берілетін объектінің құнына сәйкес келетін және осы Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көзделген кепілгерлік сомасынан аспайтын Облигациялық қарыздың талаптары бойынша Эмитенттің төлемеген сомасын Қарыз берушіге төлеуге. Бұл ретте Кепілгер осы Кепілгерлік жөніндегі талаптар төленбеген сомаға бір немесе бірнеше рет ұсынылуы мүмкін екендігін мойындайды; 2) Облигациялық қарыздың талаптары бойынша Эмитенттің төлемеген сомасын облигацияларды ұстаушылар Өкілінің талап етуін алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде кепілгерлік сомасынан аспайтын сома шегінде төлеуге. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 264 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Облигацияларды ұстаушылар Өкілі мыналарға құқығы бар: 1) Кепілгерден Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге; 2) егер Эмитент эмиссия анықтамалығында айқындалған міндеттемені қанағаттандырудан бас тартса немесе купондық сыйақыны төлеу мерзімінде немесе өтеу күні толық орындамаса немесе облигацияларды ұстаушылар Өкілі одан қойылған талапқа орынды мерзімде жауап алмаса, Кепілгерге орындалмаған бөлігінде талап қоюға. 4. Облигацияларды ұстаушылар Өкілі мыналарға міндетті: 1) Кепілгерге талап қойылғанға дейін Эмитентке талап қоюға; 2) талаптарды Кепілгерге қойғанға дейін Эмитенттің талаптарын қанағаттандыруға орынды шаралар қолдануға; 3) Кепілгер міндеттемелерді орындағаннан кейін Эмитентке талапты куәландыратын құжаттарды Кепілгерге тапсыруға. 4. Шарттың қолданылу мерзімі Шарт заңнама белгілеген тәртіппен оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді және Облигациялық қарыз бен Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.
5. Басқа да талаптар
1. Шарт бойынша барлық талаптар, хабарлар мен хабарламалар жазбаша нысанда жасалады және жеткізілетін күні немесе көрсетілген күні (егер осы күн хабарламада көрсетілсе) осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты алынды деп саналады. 2. Шартты орындаудан біржақты бас тартуға, Шартты біржақты өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берілмейді. 3. Тараптар қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт бойынша барлық міндеттемелер олардың құқықтық мирасқорларына ауысады. 4. Шарттан туындайтын немесе соған байланысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері жолымен шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 5. Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данада жасалды.
6. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері
Кепілгер: Облигацияларды Қазақстан Республикасы Қаржы ұстаушылар Өкілі: министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі 010000, Астана қ., Жеңіс даңғ., 11 БИК 195301070 РНН 032200000017 Министрліктер үйі
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |