|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 және 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 Қаулысымен күші жойылды
Жеке тұлғалардың, көлік құралдары мен өзге де мүліктің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесінде: үшінші абзацтағы «Семиглавый мар» деген сөздер «Жайық» деген сөзбен ауыстырылсын; «Кайсацкая (Батыс Қазақстан облысы)»деген алтыншы абзац алынып тасталсын; «Магнай (Қостанай облысы)»деген он бірінші абзац алынып тасталсын; он екінші абзац мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалдырылсын; «Бускуль (Қостанай облысы)»деген он үшінші абзац алынып тасталсын; «Қызылту (Солтүстік Қазақстан облысы) Уәлиханов (Павлодар облысы) Мыңкөл (Павлодар облысы) Союзное (Ақтөбе облысы)»деген он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма үшінші абзацтар алынып тасталсын; екінші абзацтағы «Оазис» деген сөз «Бейнеу» деген сөзбен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «Пахтаарал» деген сөз «Мақтаарал» деген сөзбен ауыстырылсын; «Жетісай (Оңтүстік Қазақстан облысы); Шардара (Оңтүстік Қазақстан облысы)»деген бесінші, алтыншы абзацтар алынып тасталсын; 3-тармақтың екінші абзацындағы «Чальдовар» деген сөз «Мерке» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесінде: 1-тармақта: он төртінші абзацтағы «Котяевка» деген сөз «Құрманғазы» деген сөзбен ауыстырылсын; он алтыншы абзацтағы «Погодаево» деген сөз «Сырым» деген сөзбен ауыстырылсын; он сегізінші абзац мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгеріссіз қалдырылсын; «Бостал Шығыс Қазақстан облысы Балқұдық Атырау облысы Орда Батыс Қазақстан облысы Борсы Батыс Қазақстан облысы Қайсақ Батыс Қазақстан облысы» деген отыз бірінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын; отыз жетінші абзацтағы «Сайхин» деген сөз «Орда» деген сөзбен ауыстырылсын; қырық бірінші абзацтағы «Орал» деген сөз «Шаған» деген сөзбен ауыстырылсын; қырық үшінші абзацтағы «Қарабұтақ» деген сөз «Қарашатау» деген сөзбен ауыстырылсын; «Талдысай Ақтөбе облысы Өрнек Қостанай облысы Кеңарал Қостанай облысы» деген қырық бесінші, қырық тоғызыншы, елуінші абзацтар алынып тасталсын; елу үшінші абзацтағы «Жыланды» деген сөз «Көктерек» деген сөзбен ауыстырылсын; «Михайловка Павлодар облысы Шалдай Павлодар облысы» деген алпысыншы, алпыс бірінші абзацтар алынып тасталсын; алпыс бесінші абзацтағы «Кордон» деген сөз «Көксу» деген сөзбен ауыстырылсын; алпыс тоғызыншы абзацтағы «Нововоскресеновка» деген сөз «Сыпатай батыр» деген сөздермен ауыстырылсын; жетпіс алтыншы абзацтағы «Камышановка» деген сөз «Ақсу» деген сөзбен ауыстырылсын; «Бозой Ақтөбе облысы» деген сексен үшінші абзац алынып тасталсын; сексен бесінші абзацтағы «Ғ. Мұратбаев» деген сөз «Б. Қонысбаев» деген сөзбен ауыстырылсын; сексен жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы сексен сегізінші және сексен тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын: «Сырдария Оңтүстік Қазақстан облысы Целинный Оңтүстік Қазақстан облысы»; «Қожантай Маңғыстау облысы Молбай Маңғыстау облысы Кәрібай Қызылорда облысы Далақұдық Қызылорда облысы Қондоз Қызылорда облысы» деген сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші абзацтар алынып тасталсын; тоқсан бесінші абзацтағы «Май» деген сөз «Қазығұрт» деген сөзбен ауыстырылсын; тоқсан жетінші абзацтағы «Дархан» деген сөз «Төле би» деген сөздермен ауыстырылсын; «Төңкеріс Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ Оңтүстік Қазақстан облысы Ызғырық Оңтүстік Қазақстан облысы Бейбітшілік Оңтүстік Қазақстан облысы» деген тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, бір жүзінші, бір жүз бірінші абзацтар алынып тасталсын; бір жүз екінші абзацтағы «К. Қонысбаев» деген сөз «Қарабай» деген сөзбен ауыстырылсын; «Лесбек батыр Оңтүстік Қазақстан облысы Келес Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бір жүз үшінші, бір жүз төртінші абзацтар алынып тасталсын; бір жүз алтыншы абзацтағы «Нұрлыбаев» деген сөз «Бірлік» деген сөзбен ауыстырылсын; бір жүз алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Маяк Оңтүстік Қазақстан облысы»; «екі жақты қатынас үшін ашық: Аяққарасай Маңғыстау облысы Отынды Маңғыстау облысы» деген бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші абзацтар алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген өткізу пункттеріне қатысты өзгерістер туралы шекаралас мемлекеттердің өкілдіктерін хабардар етсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |