Осы редакция 2005 ж. 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация 1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі құзыретiнiң шегiнде автожол секторын дамыту және магистральдық темір жол салу саласындағы iске асыру және бақылау функцияларын, сондай-ақ үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi автомобиль жолдары желісін дамыту және магистральдық темір жол салу, сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жай-күйде күтiп ұстау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру және бақылау болып табылады. Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негiзгi функциялары және құқықтары 10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: автомобиль жолдары желісі мен темір жол және олардағы құрылыстарды салу, күтiп ұстау және пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылды үйлестiру; автомобиль жолдарын дамыту және магистральдық темір жол құрылысы саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру; республикалық бюджет қаражаты және басқа да көздер есебiнен қаржыландырылатын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды салу, қайта жаңарту және жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы талдау; мемлекетаралық шарттарды және республикалық бағдарламаларды iске асыру үшiн қаржы қаражатына, материалдық және еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн талдау және негiздеу; мемлекетаралық шарттарды, автожолдар секторын дамыту және магистральдық темір жолдар құрылысы бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ету үшiн қажетті өнiмдердi сатып алу және жеткiзуге арналған жұмыстар мен қызметтердi орындауға тапсырыстарды қалыптастыру және орналастыру жөнiнде ұсыныстар енгізу; автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ұйымдарда жүктелген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру; автомобиль жолдарын және жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету, олардың техникалық және көлiктiк-пайдаланымдық деңгейiн арттыру, автомобиль жолдары және темір жол желісін дамыту, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; ұсыныстар әзiрлеу және ақылы автомобиль жолдарын салу мен пайдалану туралы ұсыныстар жөнiнде қорытындылар дайындау, олардың техникалық және пайдаланымдық параметрлерiн келiсу; жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру; жол қызметi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргізу және ведомстволық нормалар мен нормативтердi әзiрлеу; жол қызметi саласында кадрларды оқыту және даярлауды ұйымдастыру; өз құзыретiнiң шегiнде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауiпсiздiгi және өрт қауiпсiздiгi талаптарын қамтамасыз ету; өз құзыретiнiң шегiнде жұмылдыру жұмысын және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; өз құзыретiнiң шегiнде реттелетiн саладағы бәсекелестiк ортаны дамытуға ықпал ету. 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау саласындағы функциялар: өз құзыретiнiң шегiнде автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаны қамтамасыз ету. 11. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқылы: 1) жол саласының қызметi мен жұмыс iстеуi, олардың экономиканың басқа салаларымен өзара қатынастарын реттеудiң қағидаттары мен тетiктерiн пысықтау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға; 2) өз құзыретiнiң шегiнде автомобиль жолдары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық шарттарға қол қою үшiн келiссөздер мен дайындық iс-шараларын жүргiзуге; 3) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратуға; 4) автомобиль жолдары саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөніндегі ұсынысты енгізу; 5) өз құзыретiнiң шегiнде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара мiндеттемелердiң шарттары мен сипатын белгiлеуге; 6) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға; 7) автомобиль жолдарын күтiп ұстауға, жөндеу мен салуға және магистральдық темір жол салуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға; 8) автомобиль жолдары саласындағы ведомстволық нормалар мен нормативтердi бекiтуге. 12. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қордан, айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетінше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi. 1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн және аумақтық органдардың басшыларын Министрмен келісім бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi; 6) Комитеттi мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда бiлдiредi; 7) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 18. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң құрылымы Басшылық Құқықтық және ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету басқармасы Пайдалану, жұмылдыру дайындығы, автомобиль жолдарын дамыту және темір жол салу басқармасы Сыртқы қарыздар және инвестициялық жобалар басқармасы Сатып алу және жобалау-сметалық құжаттаманы талдау басқармасы Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету және техникалық саясат басқармасы Жоспарлау, экономикалық талдау және мониторинг басқармасы Қаржыландыру, бухгалтерлiк есеп және есеп беру басқармасы |