|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде: "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде: мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөліммен толықтырылсын:
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |