|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды (бұдан әрі - нысан) енгізетін радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларация жасау тәртібін қарастырады: 1) 880.00 нысаны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша Декларация (бұдан әрі - 880.00 нысан бойынша Декларация); 2) 880.01 нысаны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларацияға қосымша (бұдан әрі - 880.01 нысан бойынша қосымша). 2. 880.00 нысаны бойынша декларация радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемнің жалпы сомасын мәлімдеуге арналған. 880.01 нысаны бойынша қосымша әрбір радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттық құжат бойынша радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған. 3. Әртүрлі ставкалар бойынша есептелетін радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем салық төлеушіде радиобайланыстың әртүрлі түрлеріне радиожиілік спектрін пайдалануға бірнеше рұқсаттық құжат болған жағдайда 880.01 нысаны бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. Бұл ретте, 880.01 нысаны бойынша қосымшаның жалпы парақтарының саны радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттық құжаттардың санына сәйкес келуі керек. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді. 6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті тор көздері толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|