Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса беріліп отырған нысандарды қоса (бұдан әрі - нысандар), жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің ағымдағы төлемдер сомасының есебін жасау тәртібін қарастырады: 1) жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін 861.00 нысаны бойынша ағымды төлемдер төлеу сомаларының есебі (бұдан әрі - 861.00 нысаны бойынша есеп); 2) жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін 861.00 нысаны бойынша ағымды төлемдер төлеу сомаларының есебіне қосымша (бұдан әрі - 861.00 нысаны бойынша есепке қосымша). 2. 861.00 нысаны бойынша есеп жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін ағымды төлемдер төлеу сомаларының есебіне арналған . 861.01 нысаны бойынша қосымша жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін арнайы су пайдаланудың әр түрі бойынша ағымды төлемдер төлеу сомаларының есебін айқындауға арналған. 3. Арнайы су пайдаланудың бірнеше түрлерін жүзеге асыру кезінде арнайы су пайдаландың әрбір түрі бойынша 861.01 нысаны бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады. Бұл ретте 860.01 қосымшасы парақтарының жалпы саны арнайы су пайдалану түрлерінің санына сәйкес келуі керек. 1) қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|