Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Жеке табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген Салық кодексінің 145-бабының 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген ставкалар бойынша жеке тұлғалар есептеген және төлеген төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы бойынша кірістерді (бұдан әрі - төлем көзінен салық салынатын кірістер), Салық кодексінің 24-тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған жеке табыс салығын; жұмыс берушінің қызметкерлердің кірістерін төлеуге шығыстарды, ол бойынша Салық кодексінің 50-тарауында көзделген тәртіппен әлеуметтік салық есептелетін ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеуге арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын шаруа (фермер қожалықтары) мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардан басқа, салық агенттерінің Жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау ережелерін айқындайды. 2. Есеп Есептің (201.00-нысан) өзінен және қосымша нысаннан тұрады. 1) қағаз тасығышта қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|