|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Қосылған құн салығы бойынша
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 8-бөліміне сәйкес қосылған құн салығын есептеу және уақтылы төлеуге арналған Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (300.00-нысан) және қосылған құн салығы бойынша салық салуға байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (300.01 - 300.11-нысандар) және қосымшалардың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша нысандардан тұрады. 1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды түрде - Салық кодексі 69-бабының 1-тармағына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды. 6. Тиісті қосымшаларда және (немесе) қосымша нысандарда ақпаратты ашуды талап ететін жолдарды толтырғанда көрсетілген қосымшалар және (немесе) қосымша нысандар міндетті түрде толтыруға жатады. 7. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. 8. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімін және Декларацияға қосымшадағы «Қосылған құнға салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімін толтырғанда СТН және салық кезеңі көрсетіледі. 9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|