Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (12 января 2006 года)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2006 жылғы 12 қаңтар
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті әріптестер! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 61-і қатысып отыр. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті ағайын, бүгін қасиетті Құрбан айттың үшінші күні, Құрбан айт мүбәрак болсын. Әр отбасына, жалпы елімізге ынтымақ, құт-береке әкелсін. Екіншіден, кеше бәріміз де бір адамдай Елбасының салтанатты түрде өзінің лауазымына кірісуінің куәсі болдық. Бұл үлкен саяси оқиға да құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін. 9 қаңтарда әріптесіміз Нұрпейіс Мақашұлы Мақашевтің туған күні болды. Және ол жай қатардағы туған күн емес, 60-тың асқарына шықты. Бүгін депутат Райымбек Аяшұлы Аяшовтың туған күні, сондықтан өздеріңіздің аттарыңыздан құттықтап, зор денсаулық, отбасында береке, еңбектері жемісті болсын деуге рұқсат етіңіздер. ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ. ТӨРАҒА. Құрметті әріптестер, Палата Бюросы ұсынған күн тәртібі өздеріңізде бар, сол бойынша қандай ұсыныстар, пікірлер болады? Депутат Әбдірахманов. ӘБДІРАХМАНОВ С. Құрметті Төраға, он екінші мәселе бойынша баяндамашының сырқаттанып қалуына байланысты мәселені күн тәртібінен алып тастауыңызды сұраймыз. ТӨРАҒА. Тағы қандай ұсыныстар бар? Жоқ. Енді мына он екінші мәселені түсіндіңіздер. Сол заң жобасын ұсынған және баяндамашы болатын әріптесіміз Киселев науқастанып қалыпты, енді ол мәселеге дауыс бермей-ақ қояйық. Оған дауыс берсек те, бермесек те енді оған біздің қолымыздан ештеңе келмейді. Сондықтан сол он екінші мәселесіз күн тәртібін бекіту деген ұсынысқа дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бірауыздан бекітілді. 66 депутат дауыс беруге қатысып, 66 депутат жақтады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 2000 тг
|