|
Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті әріптестер! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тиісті жиналым бар. Бүгінгі отырысқа 77 депутаттың 54-і қатысып отыр. Белгілі себептермен бүгінгі отырысқа қатыса алмай отырған депутаттардың тізімі мынадай: Аяшев Оңалбай, Әбдірахманов, Әбілқасымов, Жолшыбеков, Итеғұлов, Кәрімов, Қосмамбетов, Нөкетаева, Нығматулин, Сәрсенов, Тшанов. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймыз. Құрметті депутаттар, 13 қаңтарда әріптесіміз Ұзақбай Биалайұлы Елеубаевтың туған күні болып өтті. Осыған байланысты өздеріңіздің аттарыңыздан әріптесімізді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, отбасына береке тілеп, еңбегі жемісті болсын дейік. ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ. ТӨРАҒА. 20 қаңтарда өткізілген қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлестері үшін "Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жыл" мерекелік медалімен марапаттау рәсіміне кейбір депутаттар белгілі себептермен қатыса алмаған болатын. Сондықтан бүгін сол өзіміздің әріптестерімізге тиісті сыйлықтарын тапсыруға рұқсат етсеңіздер. ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ. ТӨРАҒА. Палата Бюросы ұсынған күн тәртібінің жобасы өздеріңізде бар. Күн тәртібі бойынша қандай пікірлер болады? Келісеміз бе? Келісетін болсақ, онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бірауыздан бекітілді. 53 депутат дауыс беруге қатысып, 53 депутат жақтады. Бірінші мәселе - "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|