Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2011.12.08. № 139 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Агенттік қаржы жылы ішінде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсімдерді: 1) заңды күшіне енген сот шешімінің негізіндегі; 2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттікке құқықтар мен міндеттер берумен байланысты; 3) қаржы ұйымдарының қызметкерлері үшін Агенттік ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтін; 4) қызметтік емес сипаттағы көліктік қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшін өтем ретінде Агенттік қызметкерлерінен алынған; 5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсімдерді жинақтайды. 4-2. Қаржы жылының нәтижелері бойынша, Ұлттық Банкпен келісілген мерзімде, Агенттік Төрағасының не оның орнындағы адамның шешімі негізінде осы Ереженің 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсімдер Ұлттық Банктің бюджетіне аударылады.»; 9-тармақта «480091» деген цифрлар «050000» деген цифрлармен ауыстырылсын; 8) тармақшада «мен рұқсаттардың» деген сөздер алынып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|