Жоба Қазақстан Республикасының
Жеке қосалқы шаруашылық туралы
ҚР Үкіметінің 2005.31.12. № 1331 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 маусымдағы № 964 Қаулысымен ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды
Осы Заң жеке қосалқы шаруашылықтар қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін, олардың қызметін мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қағидаттары мен тетіктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1) жеке қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызмет түрі; 2) мәдени (жасанды) жайылым - екпе шөп егілген жер алқаптары (жайылым); 3) суландырылған жайылым - аумағында тиісті мал басын сапасы тиісінше сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көл, өзен, тоған, апан-шұңқыр, суарма немесе суландыру каналдары, құбырлы немесе шахталық құдықтар) бар жайылым; 4) жануарлар - ауыл шаруашылық өндірісіне тікелей қатысы бар, адамдардың асырауындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының барлық түрі.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының жеке қосалқы шаруашылық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Жергілікті өкілді органдардың жеке қосалқы шаруашылықты дамыту саласындағы құзыретi Жергілікті өкілді органдар: 1) елді мекендер шегінде жеке қосалқы шаруашылықтарда мал ұстау нормативтерін реттейді; 2) жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді; 3) ауылдық елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаю ережесін анықтайды;
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|