Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелерін бекіту туралы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007.24.04. № 123-Ө Бұйрығымен күші жойылды
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 25-баптарына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берілген Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелері бекітілсін. 2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы № 45-ө бұйрығымен бекітілген
Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелері (бұдан әрі - Типтік ережелер) табиғатты пайдаланушыларға-заңды тұлғаларға (бұдан әрі - табиғатты пайдаланушылар) өндірістік мониторинг ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Осы Типтік ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) өндірістік мониторинг (бұдан әрі - ӨМ) - өндірістік процестің, қоршаған ортаға физикалық және химиялық факторлар әсер етуінің және шаруашылық немесе өзге іс-әрекеттің нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйіндегі өзгерістердің белгіленген өлшемдерін эксперименттік (өлшеу негізінде) және/немесе жанама (есептеу негізінде) бағалау; 2) эмиссиялар-ластаушы заттардың немесе физикалық әсер ету факторларының қоршаған ортаға тікелей немесе жанама түсуі. 3. ӨМ жүзеге асыру шеңберінде операциялық мониторинг, эмиссиялар мониторингі және әсер ету мониторингі орындалады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|