Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (9 марта 2006 года)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2006 жылғы 9 наурыз
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті депутаттар! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 55-і бүгінгі отырысқа қатысып отыр. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, біз Мәжілістің жалпы отырысына біраздан бері жиналған жоқпыз. Осы екі арада біршама өзіміздің әріптестеріміздің туған күндері болып өтті. 1 наурызда әріптесіміз Тәңірберген Мұратұлы Бердіоңғаровтың туған күні болды. 3 наурызда Байбол Әнәпияұлы Өтепбаевтың туған күні болды. 4 наурызда Тұрарбек Мәжілұлы Асановтың туған күні болды. 6 наурызда депутат Оралбек Нұрсейітұлы Жақияновтың туған күні болды. 7 наурызда Әмзебек Рысбекұлы Жолшыбековтың туған күні болып өтті. Осыған байланысты сіздердің аттарыңыздан әріптестерімізге зор денсаулық, отбасына береке тілеп, еңбектері жемісті болсын дегім келеді. Құрметті әріптестер, Палата Бюросы ұсынған бүгінгі отырыстың күн тәртібі өздеріңізде бар. Қандай пікірлер, ұсыныстар болады? Депутат Әбдірахманов. ӘБДІРАХМАНОВ С. Құрметті Төраға! Құрметті әріптестер! Елбасының атынан Мәжіліске хат келіп түсті. Онда Евразия Даму Банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылып отыр. Елбасының хатымен бұл мәселені шұғыл қарауды ұсынып отыр. Қарсы болмасаңыздар, онда біздің комитетіміз осы хатқа сай осыған қорытындыны 15 наурызға дейін даярлауға бармыз. Ол біздің экономикамызға, мемлекетімізге керек дүние. Соны бізге тапсырып, осыны күн тәртібіне қабылдасаңыздар. Екінші мәселе. Он бірінші мәселеге бойынша баяндамашы өзгереді. Бижанов Нұрахмет Құсайынұлының орнына Петров Валерий Викторовичті Үкімет өз хатымен ұсынып отыр. Осы екі өзгерісті ескерулеріңізді сұраймын. Рақмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 2400 тг
|