|
|
|
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндаманың жобасын және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жобасына ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 8-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: жоғарыда көрсетілген өкіммен құрылған жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице- министрі, хатшы
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Ержан Жалбақұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Алик Жатқамбайұлы вице-министрi
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице- министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы Асқар Раушанұлы вице-министрi
Есекеев - Қазақстан Республикасы Куанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
"Ақанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық Айқан Ақанұлы сақтау бірінші вице-министрі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақанов - Қазақстан Республикасының Айқан Ақанұлы Денсаулық сақтау вице-министрі"
жұмыс тобының құрамынан Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Байжанов Ерлан Сапарұлы, Курбатов Владимир Николаевич, Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы, Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы шығарылсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мыналардың: 2006 жылғы 15 наурызға қарай Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) және Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желілік кестесінің; 2006 жылғы 20 наурызға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының жобаларын белгіленген тәртіппен енгізсін».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |