«Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына түсініктемесі
Ел Президенті 2006 жылдың 17 наурызында "Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы" Жарлыққа қол қойды. Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы Астана қаласын салу және дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмасына сәйкес әзірленген және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында айқындалған дамудың негізгі бағыттары мен ірі қалаларды орнықты дамытудың халықаралық тәжірибесіне негізделеді. Осы кезеңде қалыптасқан қала экономикасының, әлеуметтік саланың, экология және әкімшілік жүйесінің объективті талдауына, күшті және әлсіз жақтарын ескеруге негізделген жоспар елорданың алдында тұрған ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді айқындайды. Оның ерекшелігі тұрғындардың өмір сүру деңгейін үнемі жақсартып отыру деген ұғымды білдіретін қаланы орнықты дамытудың қамтамасыз етуге бағыт ұстануы болып табылады. Стратегиялық жоспарда Астананың миссиясы - Еуразия кеңістігінде үлгілі елорда болу, күллі Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін негіз болу деп тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының елордасы Астананың келбеті - бәсекеге қабілетті экономикасы бар, тұрғындар, еліміздің азаматтары мен туристер, кәсіпкерлер үшін тартымды, қоршаған ортасы өмір сүруге қолайлы қала деп айқындалған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|