«Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының
әлеуметтік мәселелер кешенін жан-жақты пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 78-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 407 Қаулысымен күші жойылды
Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік мәселелер кешенін жан-жақты пысықтау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Бәсекеев Әділбек Әлімжанұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі, жетекші (келісім бойынша) |
Әбдиев Жазбек Ниетұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi Көші-қон комитетінің төрағасы, жетекшінің орынбасары |
Бисембаев Серғожа Асанханұлы | - «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің директоры |
Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы | - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгi және орта білім департаментi директорының орынбасары |
Балапанов Зейнелқабден Тәукенұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары |
Төкежанов Болат Тұрғанұлы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы |
Маслов Василий Карлович | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы |
Қасымбеков Нариман Бауыржанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі халықаралық құқық басқармасының бас маманы, хатшы |
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 22 мамырға дейінгі мерзімде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік мәселелер, оның ішінде тұрғын үйін жекешелендіру мүмкіндігінің жоқтығына байланысты мәселелер кешенін жан-жақты пысықтауды сол жерге барып жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |