Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қызметіне жаңа жұмыс түрлерін енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес, шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыруы шараларын оқып-үйрету, қарастыратын жұмыс нысандарын енгізу мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндірудің және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын қарастыратын жұмыс нысандары бекітілсін. 2. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының басшылары: 1) осы бұйрықпен бекітілген шағын және орта бизнес және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған қауіпсіз тауарлар өндіру және қызметтер көрсетудің оқыту, ынталандыру шараларын қарастыратын жұмыс нысандарын енгізуді қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтың орындалуы жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне жыл сайын 15 шілдеге және 15 қаңтарға дейін ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|