|
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы
ҚР 2010 жылғы 12 наурыздағы № 253-IV Заңымен ратификацияланды ҚР үшін 2010 жылғы 1 қарашада күшіне енді
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер, оның өзі немесе жеке басының толыққанды әрі үйлесімді дамуы үшін балаға отбасы ортасында бақыт, махаббат пен түсіністік ахуалында өсуі қажет екенін тани отырып, бала өзінің отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін әрбір мемлекет басым міндет ретінде қабылдауы тиіс екенін еске сала отырып, егер шығу тегі елінде оған лайықты отбасы табу мүмкін болмаса, шетелдік бала асырап алу тұрақты отбасы болуымен байланысты артықшылықты балаға ұсынатынын тани отырып, баланың мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз етуді әрі оның негізгі құқықтарын құрметтеуді ескере отырып және баланы ұрлау, сату немесе оны саудаға салуды болдырмау үшін баланы шетелдік асырауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне кәміл сене отырып, осы мақсатқа арналған жалпы ережелерді қабылдауға ниеттене отырып, халықаралық құжаттарда, атап айтқанда 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында, БҰҰ-ның Балаларды қорғау мен олардың жай-күйіне қатысты әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларациясында және әсіресе, 1986 жылғы 3 желтоқсандағы ұлттық және халықаралық деңгейде бала тәрбиелеу және оны асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 41/85 қарарында айтылған принциптерді назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
I тарау. КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады: а) баланы шетелдік асырап алуды баланың мүдделерін неғұрлым жақсы қамтамасыз етуді әрі халықаралық құқық таныған оның негізгі құқықтары сақтала отырып, жүзеге асырудың кепілдіктерін жасау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|