Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына
ҚР Президентінің 2006.25.04. № 101 Жарлығымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (бұдан әрі - Ұйым) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әскери кадрлар даярлау саласын Тараптар қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өзара тиімді іс-қимылдарын қамтамасыз етудің және олардың арасындағы одақтастық қатынастарды дамытудың аса маңызды факторларының бірі деп санай отырып, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің көп жақты күштері мен құралдарының алдында тұрған талаптарға жауап беретін Тараптардың әскери кадрларын даярлау деңгейін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде қолданылатын төменде келтірілген терминдер мынаны білдіреді: "әскери оқу орны" - Тараптардың әскери кадрларын даярлау жүзеге асырылатын жоғары, орта және қосымша кәсіптік білім беретін білім беру мекемелері және әскери бөлімдер; "жіберуші Тарап" - өзінің әскери қызметшілерін басқа Тараптардың әскери оқу орындарында даярлау үшін жіберетін Ұйымға мүше мемлекет; "қабылдаушы Тарап" - басқа Тараптардың әскери қызметшілерін өзінің әскери оқу орындарында даярлау үшін қабылдайтын Ұйымға мүше мемлекет; "беруші Тарап" - басқа Тарапқа оқу-әдістемелік құралдарды, оқу әдебиетін және оқу-материалдық базасының элементтерін беретін Ұйымға мүше мемлекет.
Тараптардың мақсаты келісілген мамандықтар мен оқу бағдарламалары бойынша Ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|