|
|
|
«Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
ҚР Үкіметінің 1996.17.05. № 609 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегі № 1344 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, заң мен нормативтік базаны әзірлеу, бұл саладағы қызметті лицензиялау мен қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, тұрғын үй қоры мен коммуналдық мақсаттағы объектілердің пайдаланылуы мен жөнделуін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтердің сақталуын бақылау, ірі коммуналдық объектілерді салуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанынан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті /одан-әрі Департамент/ құрылсын. 2. Департамент облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен, кәсіпорындарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын өкімет билігінің орталық атқарушы органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 1995.11.07. № 948 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Департаменттің орталық аппараты қызметкерлерінің шекті саны 37 адам /қызмет көрсету мен үйлерді күзету жөніндегі қызметкерлерсіз/ болып және қызмет бабында пайдаланылатын 2 автомобильге лимит белгіленсін. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы және Қазақстан Республикасы министрліктері мен мемлекеттік комитеттері жанындағы бас басқармалар, комитеттер және басқа да республикалық мекемелер аппаратының басшылары, жетекші қызметкерлері және мамандары үшін көзделген еңбекақы жағдайы департаменттің қызметкерлеріне таратылсын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Департамент аппаратын ұстау шығындарын қаржыландыруды Қазақстан Республикасының бюджетінде көзделген мемлекеттік басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебінен жүзеге асырсын. 5. Департаментті директор басқарады, оны Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тағайындайды және лауазымынан босатады. Департамент директорына Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрі орынбасарының мәртебесі берілсін және оның лауазымды оклады министрдің орынбасары окладының деңгейінде белгіленсін. 6. Департаменттің мекен-жайы Алматы қаласы болып белгіленіп, ол Масанчи, 57 "А" үйдегі "Қазкоммунжобалау" институтының қызмет үй-жайы алаңында орналастырылсын. 7. Облыстардың және Ленинск қаласының әкімдері "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, басқару органдарының қызметкерлері жалпы санының және қызмет бабындағы жеңіл автомобильдері санының лимиттері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30қыркүйектегі № 1092 қаулысына сәйкес бір ай мерзім ішінде тиісінше облыстық және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларын құратын болсын. 8. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі бір ай мерзім ішінде Департамент туралы Ереженің жобасын әзірлеп, оның белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекітуіне ұсынсын. 9. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесе отырып, 2 айлық мерзім ішінде республика Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне ұсыныс енгізсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |