|
7 мамыр - Отан қорғаушы күнін және 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы
Құрметгі Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштерінің ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің генералдары мен офицерлері, сержанттары мен сарбаздары, жұмысшылары мен қызметкерлері Қымбатты отандастар! 7 және 9 мамырда Қарулы Күштер Қазақстан халқымен бірге Отан қорғаушы күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 61 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің өткен жылдарында ел Президенті —Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұдайы қамқорлығының арқасында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдануда, шағын және ұтқыр Қарулы Күштер құрылуда. Бүгін олардың құрамында негізі ұдайы даярлықтағы құрамалар мен бөлімдерді, жоғары жауынгерлік және дала машығын көрсететін жеке құрамды құрайтын әскер түрлері мен тектері бар. Оған мысал — 2006 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті —Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысуымен өткізілген кең ауқымдағы «Іле-2006» оқу-жаттығуы. Өзінің конституциялық және азаматтық борышына, әскери антқа адал Қарулы Күштердің жауынгерлері еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапты міндеттерді орындай отырып, Мемлекет басшысының, республика Парламенті мен Үкіметінің, барлық халықтың тарапынан ұдайы қамқорлық пен қолдауды сезінеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|