|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
Қабылданды- 2007 ж. 12 қаңтардағы № 219-III ҚР Заңың қара ҚР Үкіметінің 2006.28.04. № 338 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) құмар ойын - тәуекелге негізделген, қатысушылардың өз арасында не ойын мекемесімен жасалған, оқиғаның нәтижесіне олар қатысатын ұтыс туралы келісім; 2) букмекер кеңсесі - ойын мекемесін ұйымдастырушы мен барлық қатысушылар арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі; 3) ұтыс - құмар ойынында немесе бәс тігуде төленген және алынған қаражат сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалатын ақша немесе өзге де мүлік түріндегі мүліктік пайда; 4) төлем - ойын (бәс тігу) нәтижелерін шығарғаннан кейін құмар ойыны (бәс тігу) қатысушысы алуға жататын ақша сомасы немесе өзге де мүлік; 5) ойын автоматтары залы - құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары пайдаланылатын ойын мекемесі; 6) ойын мекемесі - ұтыс алуды көздейтін, лицензия негізіндегі құмар ойындары және (немесе) бәс тігу өтетін ғимарат, үй-жай, құрылыс; 7) ойын бизнесі - құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет; 8) ойын жабдығы - құмар ойындарын және (немесе) (бәс тігу) өткізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын құрылғы немесе құралдар; 9) ойын автоматы - ойын мекемесінің ұйымдастырушысы орнатқан және құмар ойындарын өткізу үшін пайдаланылатын (ойын мекемесі ұйымдастырушысының қатысуынсыз) ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық және өзге де техникалық жабдық); 10) казино - ойын жабдықтарын пайдалана отырып құмар ойындары өткізілетін ойын мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|