Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде
2009 жылғы 10 шілдедегі № 173-IV ҚР Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 11 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мақсаттары мен міндеттерін іске асыра отырып, бұл мемлекеттердің аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттерінің инвесторлары үшін қолайлы жағдайлар жасауға және қолдауға ниеттене отырып, осы Келісімнің негізінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау Тараптар мемлекеттерінің ықпалдасу процестерін, өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететіндігін тани отырып, Тараптар мемлекеттерінің экономикалық өсуіне жәрдемдесуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Негізгі ұғымдар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: а) «инвестор» - Тараптардың әрқайсысының мемлекетіне қатысты: бір Тарап мемлекетінің азаматы болып табылатын, екінші Тарап мемлекетінің аумағында соңғысының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген жеке тұлға; бір Тарап мемлекетінің аумағында ұйымдасқан (құрылған) және тіркелген, екінші Тарап мемлекетінің аумағында соңғысының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген заңды тұлға; б) «инвестициялар» - бір Тарап мемлекетінің инвесторы екінші Тарап мемлекетінің аумағында соңғысының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салатын материалдық және материалдық емес құндылықтар, оның ішінде: ақша қаражаты (ақша), бағалы қағаздар, өзге де мүлік; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|